Футбол • 09 Қараша, 2018

«Астана» Еуропаның ТОП-50 командасының қатарына кірді

190 реткөрсетілді

Еуропа лигасының топтық кезеңінің төртінші турында «Астана» Чехияның «Яблонец» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Григорий Бабаян шәкірттері кешегі маңызды жеңістен соң УЕФА клубтық рейтингінде жоғарылауға мүмкіндік алды. 27,500 ұпайы бар «Астана» командасы рейтингте 50-орынға көтерілді. Елорда клубы бұл көрсеткішпен Чехияның «Викторию Плзень» (27,000) клубынан алда тұрса, 28,500 ұпай бар Түркияның «Фенербахче» командасынан бір саты төмен тұр.

Еуропа лигасының төртінші турынан кейін «Астана» «К» тобында «Динамомен» (Украина) бірдей ұпай жинап (8 ұпай) бірінші және екінші орынды бөлісіп тұр. Францияның «Ренн» командасы үш ұпаймен үшінші, «Яблонец» екі ұпаймен соңғы орында келеді.

«Астана» клубы Еуропа лигасындағы келесі кездесуін 29 қараша күні Астанада Украинаның «Динамосымен» өткізеді.

Соңғы жаңалықтар

UFC турнирі өтпейтін болды

Спорт • Бүгін, 19:18

Жазығы жоқ көктемнің

Әдебиет • Бүгін, 15:36

Шымкентте 40 586 азамат әлеуметтік төлем алды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:37

Еріктілердің елеулі ісі

Аймақтар • Бүгін, 14:33

Ұқсас жаңалықтар