Британиялық сайттың жазуынша, дауыс беру процесі әлі жүріп жатыр. Дегенмен, екі футболшының «Алтын допқа» үміткер ТОП-3 үздіктің қатарына енбей қалғаны әлеуметтік желіде тарап кеткен. Мамандар Месси мен Роналдудың үміткерлер тізіміне енбей қалуын Ресейде өткен әлем чемпионатында көзге түспеуіне байланысты екенін айтады. Франциялық журналист Эрик Мамрутаның сөзіне қарағанда, аталған сыйлыққа басты үміткерлер тізімінде «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич пен оның командаласы Рафаэль Варан және Килиан Мбаппе бар (ПСЖ).
Еске сала кетейік, Роналду мен Месси соңғы он жылда «Алтын допты» бес-бестен иеленген болатын. Оларға дейін бұл сыйлықты 2007 жылы бразилиялық футболшы Кака («Милан) алған.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»