24 Ақпан, 2010

ҚОРЫТЫНДЫ ӘЗІРЛЕНДІ

876 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын қызметіне сайлау және одан босату мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғарғы Сот судьясы қызметіне Н.Қайыпжанды сайлау және басқа қызметке ауысуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен А.Қаженовті босату туралы ұсынымдарын қараудың нәтижесі бойынша комитет Мемлекет басшысының ұсыныстарын қолдау туралы палатаға қорытынды әзірлейтін болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 1 ақпандағы №19 және 2009 жылғы 24 наурыздағы №40 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2315 қаулысының 3-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Күші жойылды деп танылсын: 1) “Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарт­тарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 1 ақпандағы №19 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5140 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекет­тік органдарының актілер жинағының 2008 жылғы 10 маусымдағы №6 санында жарияланған); 2) “Мемлекеттік қызмет көрсетудің стан­дарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республи­касы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 1 ақпандағы №19 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Респуб­ликасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2009 жылғы 24 наурыздағы №40 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5642 тіркелген, “Егемен Қазақстан” газетінде 2009 жылғы 5 мамырда №158-159 (25556) жарияланған). 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті: 1) осы бұйрықтың көшірмесін Әділет министрлігіне жолдауды; 2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылы­мында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр  М. ҚҰЛ-МҰХАММЕД.