Экономика • 20 Қараша, 2018

Павлодар облысында астық та, көкөніс те мол

52 реткөрсетілді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ауа райының құбылмалы болуына қарамастан, өңірде күзгі жиын-терім науқаны табысты аяқталды. Биыл өңірде 900 мың тонна астық жиналған. Астық жинаудан Железин, Ертіс аудандары жылдағыдай жоғары көрсеткіштермен алға шықты. Шарбақты ауданындағы «Победа» ЖШС жасымық өсіріп, Түркияға экспорттауда.

Қазіргі таңда өңірде 2022 жылға дейін суармалы алқаптардың көлемін 4,6 есе­ге арттыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Ақсу ауылдық ау­мағына қарасты «Тимур» шаруа қожа­лығы 2 мың гектар жерінің 850 гектарын суармалы шаруашылыққа пайдалануда. Шаруашылық картоп, сәбіз өсіреді. Биыл гектарынан 450-500 центнер картоп пен 750-850 центнерден сәбіз жинады.

Серіктестік басшысы Равиль Мин­газов шаруашылықты дамытуға 2,5 млрд теңге жұмсаған. 8 мың тонна картоп пен мың тонна сәбіз сақтайтын қойма да салыпты. Осылайша суармалы егіс шаруашылығының тиімділігін көріп отыр. 

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінде облыс аумағында Кеңестік кезеңнен қалған 75 мың гектар суармалы алқап бар екен. Сондықтан «Суармалы егіншілікті дамыту» кешенді бағдарламасы бойынша әрбір ауданда 

7 мыңнан 20 мың гектарға жуық жер бар екені анықталды. Ендігі мақсат – осы жерге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация­сы арқылы инженерлік инфрақұрылым тарту. 

Ал «Победа» ЖШС болса, былтыр да, биыл да 3 мың гектар жасымық егіп, өнімнің 1200 тоннасын Түркияға жөнел­тіпті. Шаруашылық барлығы 20 мың гектар жерге астық егеді. 

Қазір алқаптарда майлы дақылдарды жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Картоптың 518 мың тоннасы, көкө­ніс­тердің  200 мың тоннасы жиналды. Бақша дақылдары да мол. Мысалы, Павлодар ауданына қарасты Черноярка ауылында шаруашылықтар көкөністерді қазып алып, бірден сол жерде өнімдерін сатуда. 

Басқарманың мәліметінше, биыл да астық жинау бойынша гектарынан 13 центнерден жоғары өнім алған Же­лезин мен Ертіс аудандары алда келеді. Ертіс ауданында жалпы көлемі 182 мың гектардан астам астықты алқап бар. 

Өңірде «Жолқұдық элеваторы», «АТО Шарбақты элеваторы», «Мыңкөл элеваторы» ЖШС-лары, «Агро» фирмасы, «Павлодарлық Нива» және «Ертіс Агро» кәсіпорындары жалпы көлемі 264,3 мың тонна астық қабылдай алады. Бұған қоса көптеген орта және ірі шаруа қожалықтардың жеке астық қоймалары бар. Астықтың ылғалдылығы аз болса, элеваторларға тасымалдамай-ақ, жиналған өнімдерін қоймаларда сақтайтын көрінеді. Күзгі жиын-терімнің дәмі көктемде білінеді. 

Өңірде жалпы көлемі 1 миллион 519 мың гектар шабындықтан 1311 мың тонна шөп дайындалды. Күзгі дала жұ­мыс­тарын жүргізу үшін 21 мың тонна дизель отыны бөлінген. Дизель отыны шаруаларға арзандатылған бағамен сатылды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Талпыныстан – табысқа

Қоғам • Бүгін, 08:56

Adamzatty azdyratyn kesel

Қоғам • Бүгін, 08:46

Ұқсас жаңалықтар