Кино • 20 Қараша, 2018

«Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

81 реткөрсетілді

Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында көрнекті ғалым, мифолог Серікбол Қондыбайдың алдағы 50 жылдық мерейтойы қарсаңында оның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалған «Серікбол Қондыбай.  Рух жауынгері»  атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. 

Фильм Маңғыстау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша Қазан қаласының студиясында дайындалған. Сценарий авторы белгілі мәдениеттанушы, С.Қондыбайдың бірнеше еңбегін орыс тіліне тәржімалаған аудармашы Зира Наурызбаева болса, фильмнің өзі Әсия Байғожина­ның режиссерлігімен түсірілген. Серікбол Қондыбай Маңғыстау облы­сы Шетпе ауылындағы мек­тепте қарапайым география­ пә­нінің мұғалімі болып еңбек етті. Бірақ 25 жасында аяқ ас­ты­нан жол апатына түсіп,  мүге­дектік арбасына таңылуға мәж­бүр болды. Арбаға таңылса да адамның ақыл-ой қуатының өлшеусіз еке­нін, ми мүмкіндігінің ұшан-те­ңіз мақсатты жүзеге асы­ру­ға қауқарлы болатынын көзі ті­рі­сінде-ақ дәлелдей алған кемең­герлігін танытты.  Апаттан кейін ол тағы да тоғыз жыл өмір сүрді және сол тоғыз жылы ғы­лыми көрегендікке толы жыл­дар болды, ағыл-тегіл мол ақпаратты иге­­ріп қана қоймай, нақтылыққа не­гізделген болжам-қисындар, батыл байламдар жасады. 

Серікбол Қондыбай қазақ ми­фологиясына арнап 16 том кі­тап жазып кетті. Олар бүгінде орыс және ағылшын тілдеріне аударылып жатыр. Оның туған жері Шетпе ауылында еліміздегі ең алғашқы және бірегей мифо­логия мұражайы ашылды. Қон­дыбайдың ғылыми оқулары дәстүрге айналып, Ақтау, Ал­маты, Астана, Қызылорда қала­ла­рында өткізіліп келеді. Ақтау мектептерінің біріне оның есімі берілді.

С.Қондыбайға жаңашыл көз­қарас тән еді, ал әрекетінен ре­во­люционердің екпіні білі­не­тін. Сол себепті замандастары ғалым­ды кемеңгер деп,  ал  өмірін ерлік деп білді.

«Уа, Тәңірім! Қазақтың табысынан бұ­рын намысын қайтарып бере көр! Тәңірім, Қа­­зақ­ты және Қазақстанды жарылқа!» – Серікбол Қондыбай өзінің көзі тірісінде жарық көрген ең соңғы еңбегін, төрт томдық «Арғықазақ мифологиясының» алғашқы бетін осылай бастайды.
«Осы кітаптардың авторы – таза мағы­на­сындағы ғалым емес, тек қазақта мифологияны зерттеу­ге қажетті нендей дүниелер­дің (мысалдардың, тақырыптардың, идея­лардың) бар екендігін бір кітапқа жинақтап, түгендеп, есе­бін алуды, олармен көпшілікті таныстыруды мақсат қылған, инвентаризация жүргізуші «завхоз» ғана. Мен тек Ұлы мұраның ұлы нобайын ғана көрсете алдым...» − деп кітаптың қолжазбасында өзі туралы осылай елеусіздеу жазады. 

Фильмнің премьерасына Серік­болдың үлкен әпкесі Бал­сұлу Қондыбай Ақтаудан арнайы келді. Ол анасы екеуі Серікболдың өз мүм­кін­дігіне сенімін арттыру үшін «Маң­ғыстау географиясы» атты бірінші кітабының басы­лып шығуына жағдай жасап, ал­дағы уақытта да інісінің  бар­лық жазбаларын жарыққа шы­ғаруға уәде беріпті. Фильмде әп­кесімен, Зира Наурызбаевамен бірге мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, тарихшылар Марат Сем­бин және Талас Омарбеков, географ Лариса Веселова, тіл зерттеушілер Нұргелді Уәли және Қайрат Жанабаев, драматург Әннес Бағдат, өлкетанушы Мұрат Ақмырзаев, Серікболдың курстастары Қайрат Қортықов, Рыскүл Құдайбергенова, Бекжан Садықов, Салават Дүйсенбаев сұхбат берді. Олардың бәрі де С.Қондыбайдың ғылыми қуа­тының қайнарына үңіліп, еңбек­терінің маңыздылығын саралады.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бірге барайық: Тегін тігін курсы

Қазақстан • Бүгін, 16:11

Рамазан айы 6 мамырда басталады

Қазақстан • Бүгін, 15:10

Жайбарақаттық жарға жықты

Қоғам • Бүгін, 10:34

Екі тал үкі

Бүгін, 10:26

Жастар театрының сәтті сапары

Руханият • Бүгін, 10:20

Áke kerek... uldarǵa

Қоғам • Бүгін, 10:10

Трансплантолог

Медицина • Бүгін, 09:54

Ұқсас жаңалықтар