Бұл күні оқушылар мен ата-аналарға «ашық есік күні» ұйымдастырылды. Олар орталықтағы үйірмелердің жұмысымен, ІТ-технологиялардың қыр-сырларымен танысуға мүмкіндік алды. Мерекелік концерт ұйымдастырылды. Фотоаймақта робот-актер Теспианмен фотосет өткізілді.
Орталықтың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталмыш нысанның маңыздылығын атап өтті.
«Оқушылар сарайы – Елбасының солтүстікқазақстандық балаларға жасаған сыйлығы. Бұл барлық талаптарға жауап беретiн, әлемдегі озық IТ-технологиясы пайдаланылатын озық үлгідегі ғимарат саналады. Бiлiм беру, танымдық дәрістер, робототехника, биотехнология, мехатроника, көркемөнер, мәдениет, шығармашылық, ойын-сауық үйірмелері, нақты ғылымдар орталығы – бәрі барлық деңгейдегi балаларға арналған»,деді Қ. Ақсақалов.
Оқушылар сарайында 87 үйірмеге 1800 бала бір мезгілде қатыса алады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы