Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен өткен келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылады. Құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, инфрақұрылым және туризм салалары ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары болып анықталды.
Албан делегациясы Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар мен артықшылықтар туралы, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы хабардар етті.
Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі төмен, осыған байланысты сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын қамтамасыз ету мақсатында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау және қосарланған салық салуды болдырмау туралы үш негізгі келісімдерге қол қою процесін жеделдету туралы уағдаласты. Сонымен қатар келіссөздердің күн тәртібінде өзара құқықтық көмек көрсету туралы құжаттар бар.
Халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Орталық Азия мен Балқан аймағындағы жағдай туралы пікір алмасылды. Қазақстан мен Албанияның негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсастығы БҰҰ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы сияқты платформалар аясында ынтымақтастыққа мүмкіндік беретіндігі атап өтілді.
Бұл тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық жанжалдарды реттеудегі жеке үлесін атап өтіліп, сондай-ақ Мемлекет басшысы «Astana Club» шеңберінде жасаған бастамалары - 1975 жылғы Хельсинки процесін жаңарту, оған қоса 2020 жылы Астанада қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі конференцияны өткізу және ЕҚЫҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі мен АСЕАН Аймақтық форумының бірінші бірлескен консультативтік кездесуін ұйымдастыру туралы атап өтілді.
Келіссөздер барысында Қазақстандық тарап Албанияның 2020 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кандидатурасын қолдауға және осы ұйымға төрағалық ету тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойып, Кәсіпкерлер палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды.
Д. Бушатидің сапары аясында Парламент Сенатында, Үкіметте, Инвестициялар және даму министрлігінде, «Kazakh Invest» ҰК АҚ және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасыда кездесулер жоспарланған.