Мемлекет басшысы осы жолғы мақаласында бірден-бір сара жолды – төл тарихымызды тереңнен зерделеу үшін іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу, барлық құжаттық деректерді пайдалану, ауқымды археологиялық жұмыстарды қолға алу жолын ұсынып отыр.
Бүгінгі күні бұл жұртшылықтың, әсіресе жастардың арасында айрықша сұранысқа ие. Барлық үнқатысу алаңдарында тарих тақырыбында қызу пікірталас жүріп жатыр. Бұл талқылаулардың қарқыны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланғаннан кейін күрт артып, жаңа сапаға көтерілді. Елбасының жаңа мақаласы өткен мен болашаққа ортақ дүниетаным қалыптастырып, ұрпақтар арасында үзілмес байланысты қайта қалпына келтіре отырып, сол алдыңғы мақаланың қисынды жалғасы ретінде қабылданып отыр.
Талғат ҚАЛИЕВ,
саясаттанушы