«Ресейлік ғалым Малус сиеверси тұқымын заманауи алма түрлерінің арғы атасы екенін анықтағанда, Қазақстан ормандары мәуелі жеміске толы болатын. Қазір жабайы алманың келешегіне қауіп төніп тұр», дейді мақала авторы Мерседес Хаттон.
Журналист оқиғаның мән-жайына қанығып, толыққанды мәлімет беру үшін Түрген шатқалына барған екен. М.Хаттон қасындағы гидпен сұхбат құра отырып, мәселенің өзектілігіне тоқталады.
«Суық», деді «Қазақстан трэккинг клаб» гиді Алексей Распопов көтеріліп бара жатқанда көліктің термометрін көрсетіп. Қазақстанның екінші қаласы Алматы төменде, қалың түтіннің арасына жасырынды.
Екі сағат бойы жол жүріп, Түрген шатқалына жеткенде біз көліктен шығып, сапарымызды жаяу жалғастырдық. Жоғары шығу қиын болған жоқ, бірақ өткір жел саусақтарымды жансыздандырып, ернімді кеберсітіп жіберді. Отыз жыл бойы өңірді аралаумен айналысатын Распоповтан аймақтың тарихы туралы сұрадым.
«Көп өзгерді», дейді ол. Пікірін нақтылау үшін Кеңес одағының құлағанын, ластанудың артқанын және мұздықтардың көлемі азайғанын мысалға келтірді. Алайда негізгі дәлел бұл емес еді. Тянь-Шань тауының Іле Алатау тармағының етегінде ормандай ұйысқан Малус сиеверсидің, яғни жабай алманың жоғалу қаупі туындауы уақыттың өзгергеніне дәлел болуға жеткілікті», делінген BBC-дегі сараптамада.
Сонымен қатар, мақала авторы Алматыдағы орталық базарға барып, ондағы жағдайдан да біраз мәлімет таратады. Соңында М.Хаттон жабайы алманың жойылмайтынына сенім білдіреді.
Мақаланың толық нұсқасын алдағы уақытта «Егемен Қазақстан» газетінен оқи аласыздар.