Әлемдік үрдіс
Өз еліне өлшеусіз еңбегі сіңген, туған халқын баянды болашаққа бастаған, сондай-ақ әлемнің ізгілікке қарай бет бұруына зор ықпалын тигізіп, жаһандық тұлғаға айналған бітімі бөлек, қызметі ерек жандардың адами болмысы, қайраткерлік қарымы, өмір жолы, жасампаз ісі санада ұдайы жаңғырып тұруы тиіс. Өйткені мұндай тұлғалардың өрелі өмірі, бар қажыр-қайратын жұмсап атқарған игілікті қызметі, өнегесі – таптырмас тәрбие құралы, адамзатқа ортақ құндылық, қараңғыда жол таппай дағдарғанның жолына сәулесін төсер шамшырақ. Сондықтан да, осындай ірі, көрнекті қайраткерлерді тереңірек тану, насихаттау жұмыстары әлемдік тәжірибеде кең үрдіс алғаны белгілі. Осы үрдіс аясында дара туғандар, озық ойлы тұлғалар мен қайраткерлер арқау болған түрлі кітаптар, зерттеу еңбектер, фильмдер, т.б. көптеп дүниеге келді.
Жалпы, талайлармен терезесін тең ұстауды, өркениет көшінде өзгелермен үзеңгі қағыстыра алға жылжуды мұрат еткен, өзін-өзі құрметтей білер әрбір ұлт тарихын, рухани мұрасын, маңдайалды ұл-қыздарын өздері ғана танып-біліп қана қоймай, оларды жаһанға жарқырата көрсетіп, насихаттауды жөн көреді. Бұл қадамның астарында «біз де ешкімнен кем емеспіз, дау туса сөз ұстар шешеніміз, жау төнсе жанын қияр батырымыз, тамыры тереңге кеткен тарихымыз, жаһандық мәдениеттің қорына қосылған салмақты да ардақты мұрамыз бар елміз», деп өзінің іргелі ел екенін ұқтырғысы немесе айбынын асырғысы келетін ниет жатқандай.
Бұл бағыттағы игі істердің шежіресіне тереңірек үңілсек, сөзіміз тым ұзарып кетеді. Дегенмен, қысқаша тоқтала кетер болсақ, сонау көне замандардан, дәлірегі Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты дәуірлерінен бүгінге тартылған «сүрлеуге» ой сүріндіре отырып көз жүгірткенде рухыңды көтеріп, санаңды жаңғыртатын жарқын бейнелі, қазіргі түркі жұртымен, қазақпен қарындас, кіндіктес, тегі бір екені ғылыми тұрғыда дәлелденген тұлғалардан бастап, бүгінгі жақсыларымыз бен жайсаңдарымыз туралы том-том зерттеу еңбектер, әдебиеттің түрлі жанрындағы қаншама шығармалар жазылды.
Сондай-ақ көркем және деректі фильмдер түсіріліп, алыс және жақын елдердегі талай құпияны ішіне бүккен мұрағаттар ақтарылып, олардан табылған тарихи құжаттар ғылыми айналымға енгізілді, өткен шақтан сыр суыртпақтар музейлер қатарға қосылды.
Әрине мұның барлығы біздің елдігімізді, ұлт болып ұйысқанымызды, ұлттық идеологиямыздың іргесін нығайтуға түбегейлі бет бұрғанымызды білдіреді.
Мемлекеттікті нығайтудағы мерейлі мезеттер
Аталған бағыттағы жұмыстарды ілгерілетуде, әсіресе кино өнерінің мүмкіндіктері тиімді пайдаланылуда. Мәселен, өткен замандардағы хандарымыз бен батырларымыз, билеріміз бен ақындарымыз, өзге де айтулы арыстарымыз арқау болған көптеген фильмдер жұртшылықтың көзайымына айналып, тарихымызды түгендеу, жақсыларымыз туралы деректерді ұрпақ санасына сіңіру ісіне, кеше мен бүгінді сабақтастыра отырып алға жылжуымызға серпін берді.
Осынау кең ауқымды, көз қуантып, көңіл толқытар игі жұмыстардың барлығы халықтың сұранысы, қоғамның тілегі негізінде қолға алынды. Осы арада бір айта кетер жайт, ел-жұртымыздың, тілеулес жамағаттың бұл орайдағы сұранысының бір бағыты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын, қайраткерлік келбетін, атқарған өлшеусіз еңбегін тереңірек білсек деген қоғамдық тілекпен ұштасты. Өйткені халықтың өз көшбасшысы жайында терең мағлұмат алуға деген ұмтылысы табиғи заңдылық. Сондықтан осы сұранысқа лайықты жауап беру қажеттігі туындады. Бұл талап-тілекті қанағаттандыру ісі Елбасы туралы отандық және шетелдік авторлар жазған сүбелі зерттеулерді, кітаптарды шығару, фильмдер түсіру арқылы жүзеге асырылып келеді. Міне, енді бұл туындылардың қатарына Тұңғыш Президент күні қарсаңында біз жоғарыдағы кіріспе сөзімізде айтып өткен «Елбасы жолы. Астана» фильмі келіп қосылды. Бұл картинаны отандық белгілі режиссер Ақан Сатаев түсіргенін, бас кейіпкер – Елбасы рөлін актер Мұрат Ахманов сомдағанын айта кетейік.
Жалпы, Мемлекет басшысының өмір жолын кезең-кезеңімен арқау еткен «Елбасы жолы» киноэпопеясын түсіру 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Біз сөз етіп отырған «Елбасы жолы. Астана» фильмі осы киноэпопеяның алтыншы бөлімі. Мұны бұл эпопеяның соңы деп айтуға болмайтындай. Өйткені картинада 1998 жылға дейінгі оқиғалар ғана қамтылған. Демек, алдағы уақытта Елбасының 1998 жылдан бергі мемлекетімізді дамыту жолындағы қажырлы еңбегін экранда көрсету ісі кезегін күтіп тұр деп ойлаймыз.
Негізінде «Елбасы жолы. Астана» фильмі Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөлі, кездескен қиындықтарды жеңе білудің жарқын үлгісі, іс басында болған, Елбасының тапсырмаларын мүлтіксіз орындай білген атпал азаматтарымыздың еңбегі, халықтың бірлігі, жұртшылықтың ықыласы, сенімі баяндалады. Сондай-ақ картинада елорданы Ақмолаға көшіру шешіміне қатысты қоғамдық түрлі көзқарастар, оның ішінде кертартпа пікірлерін көлденең тартқандар да көрініс береді. Бұған қоса, фильмде қамтылған жылдар көлемінде еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғалар сәтімен ұсынылған. Әсіресе ел шекарасын шегендеу, өзге елдермен ынтымақтастық орнату бағытындағы маңызды қадамдарды санада жаңғыртатын тұстар көңілге жылы әсер етеді. Сонымен бірге Астананың халықаралық тұсаукесер рәсімін сипаттайтын көріністер де фильмнің маңызын арттыра түскен.
Жалпы, біз бұл мақалада аталған фильмдегі оқиғаларды басынан аяғына дейін сипаттап шығуды мақсат етіп отырғанымыз жоқ. Өйткені картинаны халықтың өзі көре жатар. Енді оның бағасын көрермен береді. Дегенмен, «Елбасы жолы» киноэпопеясын құрайтын, яғни бұған дейін түсірілген фильмдерді халықтың жылы қабылдағаны белгілі.
Айта кетейік, бұған дейін «Елбасы жолы» киноэпопеясының бес картинасы ел назарына ұсынылған болатын. Атап айтқанда, олар: «Балалық шағымның аспаны» (2011 жыл), «Отты өзен», «Теміртау» (2013 жыл), «Тығырықтан жол тапқан» (2014 жыл) – режиссері Рүстем Әбдірашев, «Жұлдыздар тоғысқанда» (2016 жыл) – режиссері Сергей Снежкин (Ресей). Рүстем Әбдірашев түсірген алғашқы төрт бөлімде Мемлекет басшысының рөлін актер Нұрлан Әлімжанов сомдаса, Сергей Снежкиннің фильмінде бас кейіпкердің рөлін актер Берік Айтжанов ойнаған.
Реті келгенде айта кетсек артықтық етпес, Елбасы жайлы деректі фильмдер де аз емес. «Назарбаев. Live», « С Назарбаевым о главном...», «Избранный веременем», «Елбасы, жаңа тарих», «Ат үстіндегі ғұмыр», «Елбасы – біреу, біз оған – тіреу!» және тағы басқалар.
Қорыта айтқанда, «Елбасы жолы. Астана» фильмі экран арқылы ел тарихынан, Елбасының өмір жолынан шынайы деректер ұсынады. Оның тәуелсіздік шежіресін, жаңа Астананың алғашқы қадамдарын көрсете отырып, елдік сананы көтеруге, ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал етері анық.

Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»