Спорт • 04 Желтоқсан, 2018

«Masters» турниріне қатысады

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-16 желтоқсан күндері Гуанчжоуда (Қытай) дзюдодан жылдың ең соңғы әлемдік «Masters» турнирі өтеді. Аталған бәсеке маңыздылығы жағынан Олимпия ойындары мен әлем чемпионатынан кейінгі орында тұрады.

«Masters» турниріне қатысады

Додаға әр салмақ бойынша әлем рей­тингіндегі үз­дік 16 дзюдошы ғана қатыса алады. Тур­нирде табысты өнер көрсеткен спортшылар үшін рейтингтегі ұпай санын еселеуге тамаша мүмкіндік туындайды. Бас жүлдені олжалаған дзюдошыға 1 800 ұпай берілсе, финалда белдескендер 1 250 ұпай олжалайды. Үшінші орынға ие болған дзюдошының рейтингіне 900 ұпай қосылады.

Жарыс ережесіне сай әлем рейтингінде әр салмақ бойынша үздік 16 спортшы қатарына Қазақстан ұлттық құрамасынан 7 дзюдошы еніп, «Masters» турниріне қатысуға мүмкіндік алды. Олар: 60 кг – Ғұсман Қырғызбаев – 7-орын (3881 ұпай) пен Елдос Сметов – 13 (2765). 66 кило – Ерлан Серікжанов – 10 (3 200) пен Елдос Жұмақанов – 11 (3 067). 73 кило – Жансай Смағұлов – 10 (3 044). 81 кило – Дидар Хамза – 15 (2 446) және 90 кило – Ислам Бозбаев – 15 (2 718 ).

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»