Жобалар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Smart city» тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр.
- Бүгінде аймақта білім беру, денсаулық сақтау, тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы, көлік және қауіпсіздік, бизнес салаларында жалпы құны 4,4 млрд.теңге болатын 40 жоба жүзеге асырылуда, - деді облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким.
Осылайша, қауіпсіздік саласын цифрландыру бойынша 5 жоба жүзеге асырылады. 2020 жылдың соңына дейін 1400 бейнекамераны орнатылады және облыс орталығында жол қозғалыс ережелері бұзушылықтарын тіркейтін 31 жүйе іске қосылады. Сондай-ақ, пилоттық режимде 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі іске қосылды, ол жедел-жәрдем, полиция, төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, газбен қамту, анықтама қызметін біріктіреді.
Өнеркәсіп саласын цифрландыру шеңберінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай өндіруді 1-2% - ға дейін ұлғайтуға, жөндеу аралық кезеңді 700 күнге дейін ұзартуға, операциялық шығындарды 10% - ға дейін қысқартуға және басқарушылық шешімдердің тиімділігін 20% - ға дейін арттыруға мүмкіндік беретін «Ақылды кен орны» технологиясын енгізу бойынша жұмыстар басталды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы