Қазіргі уақытта клуб басшылығы аталмыш орындарға лайықты тұлғаларды іздеу үстінде. Sports.uz мәліметі бойынша бұл қызметке Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Ұлықбек Бақаев тағайындалуы мүмкін.
Айта кетейік, Бақаев Қазақстан премьер-лигасында Қостанайдың «Тобыл», Талдықорғанның «Жетісу», Павлодардың «Ертіс» командаларында ойнаған. Сондай-ақ, 2004, 2010, 2011, 2012 жылдары ел біріншілігінің бомбардирі атанған.