Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ал зейнетке шыққан кезде инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

Ұлттық Банк 2016 жылдан бері зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруда айтарлықтай үлкен жұмыстар жүргізді. Инвестициялық декларация жаңартылды. Зейнетақы активтері инвестициялануы мүмкін деген қаржы құралдарының сипаттары нақтыланды.     Осы орайда қаражатты басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыты мен қаржы құралдарының түрлерін айқындау – 2016 жылдан бастап, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеске жүктелген.

Соның арқасында зейнетақы активтерін басқару сапасы едәуір артты. Сәйкесінше зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция деңгейінен жоғары болып отыр. Бұл қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемін, сәйкесінше Қордан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыруға септігін тигізуде.     

Портфельді одан әрі әртараптандыру және табыстылықты арттыру  мақсатында активтердің бір бөлігі сенім білдірілген сыртқы басқарушыларға кезең-кезеңмен беріліп отыр.   

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ