Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018

Азаттықты айшықтаған аламан

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласында «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» атты республикалық ақындар айтысы өтті.  

Азаттықты айшықтаған аламан

Жыр додасына Астана, Қара­ғанды, Семей, Павлодар, Тараз, Екібастұз және Баянауыл ауда­ны­нан 12 ақын қатысып, ел тә­уел­сіздігі, рухани жаңғыру тақы­рып­тарын тілге тиек етті. 

«Іс-шараның негізгі мақсаты – Тәуелсіздік құндылықтары мен идеяларын өнер арқылы насихаттау. Біз аталған ақындар аламанын осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеміз. Жыл сайын әр өңірдің шайырларын шақырып шахталы шаһарда бас­тарын қосамыз. Олар да тыңғы­лықты дайындықпен келіп, өр­кен­деген өңірімізді өлеңге қо­сып, көрерменнің көңілін көте­ріп кетеді. Жыл сайын өткізіп келе жатқан жыр додасын алдағы уа­қытта да жалғастыра береміз»,  деді «Атамұра» мәдениет орта­лығының директоры Нұрсұлу Ерке­байқызы.

Қазылар алқасының шеші­мімен бас жүлдені Рауан Қай­даров (Екібастұз), бірінші орынды Аруна Керімбек (Тараз), екін­­ші орынды Аспанбек Шұ­­ға­таев (Баянауыл) және үшін­ші орын­ды Қуанышбек Шар­манов (Павлодар) иеленді. Жеңім­паздарға ақшалай сыйлық­тар мен дипломдар табысталды.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»