Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

921 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік жылдарында өзге салалармен қатар демографиялық көрсеткіштер де өсті. Енді назарларыңызға 27 жылдағы кей деректерді ұсынсақ. Еліміз егемендік алған тұста халық саны 16 миллионның шамасында болса, қазір 18 миллионнан астық. Яғни қазақстандықтардың саны ширек ғасырда 12 процентке артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион перзент дүниеге келді. Ал әрбір жетінші сәби Түркістан облысында туған екен. Жалпы, елімізде ең жоғары туу көрсеткіші 2016 жылы тіркелген. Бұл жылы қазақстандықтардың саны 400 мыңға артты.

Демографтар келтірген тағы бір қызық дерек, 20-30 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер саны. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде аталған жастағы тұрғындардың саны шамалас болса, Алматы, Қостанай және Ақтөбеде ерлерге қарағанда қыз-келіншектер көп көрінеді.  

27 жылда Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы артты. Назар аударатын жайт, әйелдер ер адамдарға қарағанда 10 жыл ұзақ өмір сүреді екен. Мәселен, тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда ерлердің жасы 62-ден 68-ге, ал әйелдердің жасы 72-ден 76-ға дейін ұлайған.