Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болуы мүмкін. Қостанай облысында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан, Алматы облыстарында тұман күтіледі, күші 15-23 м/с дейін ызғырық жел тұрады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.