60 жастағы және 30 жастағы екі ер кісі улы газға тұншығып, қайтыс болды. Облыстық өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт үшінші қабаттағы пәтерден шыққан. Үйден 7 адам көшірілген, 20 адам қызыл оттан құтқарылған. Оның ішінде бір бала бар. Өрт бір сағатқа жуық уақытта өшірілген. Оқиға орнына 40 өрт сөндіруші және 12 техника жеткізілді.
«Ауруханаға жеткізілген алты адамның төртеуі жан сақтау бөлімінде, екі адам облыстық ауруханаға ауыстырылды. Жан сақтау бөліміндегі төрт адамның екеуінінің жағдайы ауыр» дейді Қостанай қалалық ауруханасы жан сақтау бөліміндегі кезекші дәрігер Павел Уколов.
Қазір өрттің шығу себебі анықталу үстінде.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай