Танымал израильдік балалар нейрохирургі Шломи Константини мен № 2 қалалық балалар ауруханасының балалар нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Азамат Жайылғанов емдеу мекемесінің базасында гидроцефалияға шалдыққан 11 жасар балаға ота жасады. Операция бір жарым сағатқа созылды.
«Біз ота жасаған гидроцефалияға шалдыққан баланың бас миындағы асқазан жүйесінде артық сұйықтық жиналған. Оны емдеудің бірнеше тәсілі бар. Соның бірі – іш қуысымен, өкпеқап, жүрек және жүрек алды қуысымен бас миының асқазандарын біріктіретін тұйықтауыш жүйенің, бөгде заттың имплантациясы. Қанша дегенмен, ол бөгде зат. Бұл – қабылдамау, инфъекцияны жұқтыру қаупі. Ал аталған ота түрінің ерекшелігі бас миында ішкі асқазан жүйесінің анатомиялық каналы құрылады, бұл өз кезегінде ішкі қан қысымын төмендетіп, бас миына компрессияны азайтады. Осылайша баланың дамуына әсер түсе бастайды да, әу бастағы функциялары жұмыс істей бастайды», - деді Азамат Жайылғанов.
Өз кезегінде профессор Шломи Константини осындай ота жасаған аурухананың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
«Бәрі де технологияға байланысты және бәрі ойдағыдай болу керек. Аталған ауруханада эндоскопияның бірнеше нұсқасы бар, аурухананың болашақта осындай техниканы қосымша алуына барлық мүмкіндігі жетеді. Жақын арада бұл аурухана осыған тағы да көңіл бөле түседі деп ойлаймын, ал бұл әрмен қарай балалардың гидроцефалиясын емдеуге оң әсерін тигізбек», - деп түйіндеді профессор.
Операциядан басқа, Ш. Константини студенттерге, резиденттерге және гидроцефалиясы бар балаларды эндоскопиялық емдеу бойынша Қазақстанның аймақтардағы дәрігерлеріне арнап шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағы Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «ДОМ» ҚҚ «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық акциясы шеңберінде өткізді.