Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2018

Қарағандылықтар Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Қарағандыда Тәуелсіздік күніне орай облыс әкімі Ерлан Қошанов Президент Жарлығымен марапатталған еңбек ардагерлері, жұмыскерлер, ғалымдар, педагогтар, әртістер, жаттықтырушылар, қоғам қайраткерлері, бизнесмендер және өнеркәсіп кәсіпорындарының жетекшілеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Қарағандылықтар Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «Қайнар» ЖШС-нің директоры Сейітжапар Нығметов наградталды. «Парасат» орденімен еңбек ардагерлері  Жарылқасын Бикенов, Сағадат Дүйсебек және Арғын Нығматулин марапатталды.

Сонымен қатар, 14 қарағандылықтың еңбегі ІІ дәрежелі «Достык», ІІІ дәрежелі «Құрмет» және «Еңбек Данкы» ордендерімен атап өтілді. «Ерлігі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарімен 22 адам, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 9 адам марапатталды.

Марапат иелерінің алдында облыс әкімі Ерлан Қошанов құттықтау сөз сөйледі.

– Біз елімізбен бірге өсіп, өркендеп келеміз. Біз және мемлекет үшін көп нәрсе таңсық болды, көп нәрсе жат болды. Елбасы айтқандай, «Біз бірлесіп күрделі жолды өткердік: өзімізді сынадық, тәуелсіздігімізді алдық, әлемге жаңа Қазақстанды аштық, өзімізді біртұтас және ұлы халық ретінде таныттық». Президентінің даналығы мен көрегендігінің арқасында Қазақстан бұрыңғы кеңес үкіметі кеңістігінде өзінің барлық көршілерімен мемлекеттік шекара мәселесін шешкен бірінші және әзірге жалғыз ғана ел болып табылады, – деді өңір басшысы.

Марапатталғандар Мемлекет басшылығына елімізде орнаған бейбітшілік, тұрақтылық және татуластық үшін алғыс айтты.

Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертпен түйінделді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды