«Елбасы жолы. Астана» фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады. Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетіледі.
Аталған фильмде Елбасын рөлін сомдаған актер - Мұрат Ахманов. Көркем туындыда мемлекет басшысының сыртқы келбетін әрлеген танымал голливудтық гример Марк Кульер жасаған. Сондай-ақ, фильмге танымал актерлар Азат Сейтметов, Асқар Ілиясов, Жан Байжанбаев, Олег Ли түсті. Бұл туындының сценарий авторлары - Әділбек Жақсыбеков және Тимур Жақсылықов. Түсірілім жұмыстары 2017 жылдың желтоқсан айында басталып, 2018 жылы жазында аяқталған.
Фильмнің соңында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сөз алып, аталған туындыдан алған әсерімен бөлісті. Шаһар басшысы Елбасының Астананың құрылуы мен еліміздің дамуында алар рөлін көрсете отырып баяндағалған кинокартинаға жоғары бара берді.
Қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен "Шымкент Плаза" сауда-ойын-сауық орталығының «Cinemax» кинотеатрында өткен фильмінің көрсетіліміне зиялы қауым өкілдері, депутаттар, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Нұршат ТӨКЕН,
«Егемен Қазақстан»