Спорт • 17 Желтоқсан, 2018

Қазақстан таэквондо федерациясы биылғы маусымды қорытындылады

580 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан таеквондо федерациясының Атқарушы комитеті 2018 жылды қорытындылады. Федерация басшылығы биылғы жылдың үлкен жетістіктерге толы болғанын мәлімдеген деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан таэквондо федерациясы биылғы маусымды қорытындылады

2018 жылы таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы 10 оқу жаттығу-жиынын өткізді. Оның сегізі ел аумағында өтсе, екеуі шетелде жоспарланды. Қарашаның 13-21 аралығында Дубайда (БАӘ) өткен оқу-жаттығу жиынына 10 спортшы мен 4 жаттықтырушы қатысқан. 

Биыл таеквондошылар 15 халықаралық жарысқа қатысып, жалпы есебі 20 алтын, 20 күміс және 27 қола медаль жеңіп алды. 

Спортшылардың жазғы Азия ойындарындағы жетістігін атап өтпеуге болмайды. Жазғы Азия ойындарында Қазақстан таеквондошылары бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізіп, 5 медаль иеленді. Атап айтар болсақ, Дениз Жансель мен Руслан Жапаров күміске қол жеткізсе, Нұрлан Мырзабаев, Ерасыл Қайырбек және Фариза Алдоңғарова қола медаль тағынды. 

2018 жылғы маусымда Қазақстан аумағында таевондодан 13 ірі жарыс өткізілді. Оның ішінде Мұстафа Өзтүрікті еске алуға арналған халықаралық жарыс, Астананың 20 жылдығына арналған Astana Open халықаралық турнирі, Азияның бірінші ашық чемпионаты сынды дүбірлі додалар бар. 

Вьетнамның Хошими қаласында өткен Азия чемпионатында Смайыл Дүйсебай чемпион атанса, Руслан Жапаров күміс, Айтуар Шайкенов пен Мереке Жүнісова қола медальға иелік етті. Аталған спортшыларға Қазақсан үкіметінің қаулысымен ақшалай сыйақы табысталды. Сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Азия ойындарында жүлдеге іліккен бес спортшыға да қаржылай сыйақы ұсынғанын айта кету керек. 

Таеквондо федерациясы Қазақстан ҰОК қолдауымен ұлттық құрама спортшыларына медициналық көмек көрсетіп, дұрыс тамақтану тәртібін жолға қойған. Командаға жаңа үлгідегі биохимиялық анализатор алынды. Бұл лабораториялық зерттеулер жүргізіп, маңызды көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді. Спортшылардың функционалды дайындығын бақылау үшін бұл таптырмас құрал. 

 

Сондай-ақ, төрешілер корпусы да күшейтілді. Биылғы маусымда 43 төреші аккредитациядан өтті. Оның ішіндегі 18 төрешінің халықаралық дәрежедегі категориясы бар екенін ескеру керек. 25 төреші 1 дәрежелі ұлттық категория иегері. 2017 жылмен салыстырғанда, төрешілер саны 5 пайызға өсті. 

Халықаралық таеквондо федерациясындағы ребрендингке байданысты «Қазақстан таеквондо федерациясы (WT)» логотипті жаңартты. Шешім бойынша «WTF» аббревиатурасынан «F» әрпі алынып тасталды. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше