Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда допты хоккейден ел кубогы біріншілігі өтуде

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Додалы бәсеке атақты хоккейші Қазбек Байболовтың құрметіне арналып отыр.

Солтүстік Қазақстанда допты хоккейден ел кубогы біріншілігі өтуде

Қазақстанның әр өңірінен жиналған командалар арасындағы сайыс 19 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазбек  Байболов еңбек жолын туған жері Петропавлда бастаған. КСРО чемпионатының бес дүркін күміс және төрт дүркін қола жүлдегері, допты хоккейден  спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған.

Солтүстік Қазақстан командасының бас бапкері Анатолий  Кувшиниковтың айтуынша, Қ. Байболов сияқты тамаша хоккейшінің есімін ұлықтау,  лайықты  ізбасасарларын тәрбиелеу жағы ұмыт болып келеді. Осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен денешынықтыру және спорт басқармасы бірқатар бастамаларға қолду көрсетуде. Соның бірі– өңірде ел кубогы жарысының ұйымдастырылуы.

Ақтөбе облысы Хромтау құрама командасының ойыншысы Андрей Семиннің аталмыш спорт түрімен айналысқанына 9 жыл болыпты. Былтыр кубокты жеңіп алса, биыл да үмітті.

«Жарысқа дайындығымыз өте жақсы. Атағымызды қорғауға бар күш-жігерімізді жұмылдырамыз», дейді команданың белді  шабуылшысы.

Солтүстік Қазақстан командасының қорғаушысы Диас Ерғалидың сөзіне қарағанда,құрама  Өскемен, Орал қалаларында өткен жарыстарға қатысып, жүлделі 3-ші орынды иеленген. Біраз тәжірибе жинақтапты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы