Әлем • 18 Желтоқсан, 2018

Үндістанда ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Мумбаи қаласындағы ауруханалардың бірінде өрт шықты. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып,  100-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды nsn.fm.

Үндістанда ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің көбі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыстарын жалғастырып жатыр. Өртті сөндіру үшін 10 арнайы техника мен 15 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды.

Мамандардың айтуынша, қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Өрттің нақты неден шыққаны. Болжам бойынша электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін.