91-ші «Оскар» жүлдесінің «Үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша бастапқыда 87 фильм қатысты. АҚШ киноакадемиясының шешімімен 9 фильм аталған номинация бойынша келесі кезеңге өтті. Бұл тізімде Қазақстан атынан қатысып жатқан режиссер Сергей Дворцовтың «Айка» фильмі де бар.
«Құстар көші» (Birds of Passage, Колумбия),
«Кінәлі» (The Guilty, Дания),
«Ешқайда қарауға болмайды» (Never Look Away, Германия),
«Шоплифтерлер» (Shoplifters, Япония),
«Капернаум» (Capernaum, Ливан),
«Рома» (Roma, Мексика),
«Сұрқай соғыс» (Cold War, Польша),
«Өртенген» (Burning, Южная Корея).
Естеріңізге сала кетейік, «Айка» фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді. Ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалып, баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, тастап кеткен ұлын іздей бастайды. Драмадағы басты рөлді қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнайды. Ол биыл 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.