Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2018

Тәуелсіздік мерекесіне орай мерекелік іс – шара өтті.

758 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылдың 15 желтоқсан күні Еліміздің үшінші  мегаполисі  атанған  Шымқаламыздағы  «Shymkent  Plaza»  сауда орталығында  Тәуелсіздік мерекесіне орай «Мен Қазақстанды бейнелеймін!»  атты  мерекелік   іс – шара  өтті.

Тәуелсіздік мерекесіне орай мерекелік   іс – шара  өтті.

Мерейлі мереке қарсаңындағы   бұл іс- шараны  Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубы ұйымдастырды.

Мерекелік сый ретінде, қала тұрғындарының назарына   түрлі  әдіс тәсілмен орындалған   көз тартарлық жұмыстардан көрме  ұсынылды.

Шебер мұғалімдеріміз  қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерімен коллаж, мехенди, гратаж, body art, аппликация, киізден  жасалған  ерекше  шығармаларды  жасап, келген қонақтармен көрермендерге тарту етті.  Шаттыққа толы мерекелік бағдарламамыз ән мен биге ұласты.

Осы қуанышты сәтте  Астана  қаласында өткен халықаралық «Балалар әлемді бейнелейді» және «Мен  Қазақстанды бейнелеймін» байқауының  жүлдегерлері марапатталды.  Балалар көркемсурет мектебінің мерейін үстем етіп, өз жетістіктерімен қуантып жүрген талантты жеңімпаздарымыз жеңістерін  Тәуелсіздік мерекесіне  арнады. Дарынды  суретшілерімізді   сыйлықтармен қуанышқа бөлеген Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұжымы. Балалар көркемсурет мектебінің директоры Оразова Тойаш Балтақарақызы балаларды жарқын жеңістермен құттықтап, елдің игілігі үшін жаңа биіктерге жете берулеріне ізгі тілегін  жеткізді.     

Жеңімпаздарымыздың жетекшілеріне алғыс білдіріп, ата-аналарды құттықтады. Әр ата-ана үшін баласының алғашқы кішкентай жетістіктері мен жеңістерін көру үлкен бақыт. Жүректері қуанышқа толып мәз мейрам болған  ата-аналар мен келген қонақтар және  көрермендер өнерпаздардың қуаныштарына ортақтасып, ыстық ықыластарын білдірді.

Өнер-әрқашан да өмірдің біртұтас бөлігі. Ал, біз өз тарапымыздан өнер ошағымыздың шығармашыл дарындарына табыс тілейміз.

Гульнара КУЛИЕВА