![Даниядағы темір жол апатынан 6 адам қаза тауып, 16 жолаушы жараланды](/article_photo/1546429590_article_b.jpeg)
«Фюн полициясы Үлкен Бельт көпіріндегі жол апатында 16 адам жараланып, 6 адам қаза болғанын хабарлайды. Апат бүгін таңғы сағат 07.30-да болған», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция мен құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Нюборгте пойыз жолаушыларына арналған эвакуациялық орталық жасақталды. Пойызда 131 адам болған.