Әлем • 02 Қаңтар, 2019

Жапония премьер-министрі оңтүстік Қурил берілген жағдайда ресейліктерді қуып шығармауға уәде берді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония Оңтүстік Курилді алатынына үміттенеді, бірақ ол жерден ресейліктерді көшіруді көздемейді, - деп хабарлады РИА Новости жапон премьер-министрі Синдзо Абэнің "Асахи" телеарнасына берген сұхбатына сілтеме жасап.

Жапония премьер-министрі оңтүстік Қурил берілген  жағдайда ресейліктерді қуып шығармауға уәде берді

Сұхбат барысы Жапонияға қайтарылатын аралдардағы халықтың мәселесі төңірегінде және оның қалай шешілетіндігі туралы болды.

  - Солтүстік аумақтың барлық тұрғындары (Жапондықтардың 4 аралдан тұратын Курил мекені) – ресейліктер.  Келіссөздердегі біздің ұстаным «өтінемін, бұл жерден кетіңіздер» деумен ғана шектелмейді, - дейді премьер.

Абэ Жапония аумағын беру жергілікті тұрғындардың келісімімен жүргізілуі тиіс деп атап өтті. Премьердің пікірінше, жапондықтар мен ресейліктер бірге өмір сүре алады және жұмылып, жұмыс істей алатын еді.

Осы айда Абэ Ресейге барады. Болжамды күн 21 қаңтар болуы мүмкін.

Жапон премьері мен Ресей Президентінің алдыңғы кездесуі 14 қарашада Сингапурда өткен еді. Сол кезде Абэ қос тарап 1956 жылғы бірлескен кеңес-жапон декларациясы негізінде бейбіт келісім-шарт жасай отырып, келіссөз үдерісін жеделдетуге уағдаласқанын жеткізген болатын.

Бұл декларацияда тараптар бейбіт келісім-шарт жасауға дайын екендіктерін білдіріп, кейіннен КСРО Хабомаи және Шикотан аралдарын Жапонияға беруге келіскен-тұғын. КСРО мен Жапония арасындағы құжат ратификацияланды, бірақ бейбітшіліктерін нығайту үшін Токио оны жүзеге асырудан бас тартты. Себебі, олар бірден төрт аралдың (Кунашир, Итурупа, Шикотан және Хабомай) қайтарылуын талап еткен болатын.