Әлем • 02 Қаңтар, 2019

Филиппиндегі құйыннан 85 адам қаза тапты

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппинде «Усман» құйынынан пайда болған су тасқыны мен лай көшкіні 85 адамның өмірін жалмады, 40 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі. 

Филиппиндегі құйыннан 85 адам қаза тапты

Филиппин қауіп-қатерді азайту және апаттарды басқару Ұлттық кеңесіне (NDRRMC) сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Бикөл және Шығыс Висайи өңірлері бірнеше күн бойы құйын құрсауында қалып қойған. 20 адам із-түзсіз кетті.

Бикөл, Шығыс Висайи, Калабарсон және Мимаропа аймақтарында тұратын 192 мыңға жуық адам төтенше оқиғадан зардап шекті. Оның ішінде 25 мың тұрғын қауіпсіз аудандарға көшірілген. Бикөл аймағына қарасты Оңтүстік Камаринес провинциясында төтенше жағдай режимі жарияланған.

  Ресми мәліметке сүйенсек, құйын Филиппин елінің ауыл шаруашылығына 6 миллион доллар шығын әкелген.