«Дисциплиналық комиссияның шешімі бойынша Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары Тастайбеков мемлекеттік қызметкердің имиджіне нұқсан келтіргені үшін жұмысынан босатылды», деді ішкі істер министрлігі сыртқы және ішкі байланыс жөніндегі департамент директоры Алмас Садубаев.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде жаңа жыл қарсаңында полиция киіміндегі қызметкердің құттықтауы тарады. Құттықтау сөзінде қылмыскерлер пайдаланатын сөздерді айтып, жұртшылықтың сынына ұшырады.