Әлем • 03 Қаңтар, 2019

Apple инвесторларға iPhone сатылымының төмендеуі туралы ескертті

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple корпорациясының басшысы Тим Кук инвесторларға iPhone сату қарқынының төмендеуі туралы ашық хатта мәлімдеді. Басты себеп ретінде ол АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғыстарын атап көрсетті.

Apple инвесторларға iPhone сатылымының төмендеуі туралы ескертті

Кук инвесторларға жазған хатында Apple қазір соңғы тоқсанда 84 миллиард доллар көлемінде табыс күтуде деп айтылған. Бұл екі ай бұрын жарияланған болжамнан да төмен. Компания 89-дан 93 миллиард долларға дейін табыс табады деп болжанған.

CNBC телеарнасына берген сұхбатында Kук Қытайда сату қарқынының баяулауы анық көрінетінін мәлімдеді. «Қытай мен АҚШ арасындағы саудадағы шиеленіс компанияның экономикалық жағдайына қосымша қысым көрсетеді», деді Apple басшысы.

Бұрын ол «бірқатар дамушы нарықтарда әлсіз макроэкономикалық көрсеткіштерді байқайтынын» мәлімдеген болатын.

Бұған дейін АҚШ Қытайдан келген тауарларға салынатын импорт көлемі 200 миллиард долларға, 10% - дан 25% - ға дейін артқанын мәлімдеген. Ал желтоқсан айының басында Аргентинадағы G20 саммитінде АҚШ пен ҚХР көшбасшылары сауда соғысы мен саудадағы  мәселелер бойынша келіссөздерге келу туралы уағдаласқан.