Әлем • 04 Қаңтар, 2019

Таиландтың оңтүстік жағалауына «Пабук» дауылы жақындап келеді

161 реткөрсетілді

Таиландтың оңтүстік жағалауына «Пабук» дауылы жақындап келеді. Қазіргі таңда елде құтқару жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, «Пабук» дауылы Сиам бұғазынан батысқа қарай бағыт алған. Қазіргі таңда оның жылдамдығы сағатына 65 километрге жетіп отыр.

Тайландтың Гидрологиялық және ауылшаруашылық ақпараттар институты мәліметіне сүйенсек, Накхонситхаммарат ауданы үлкен жапа шегуі мүмкін. Өйткені, ондағы жағалау 220 километрге созылған. Накхонситхаммаратта әкімшілігі дауылдан қорғану мақсатында 86 мың адамға пана болатын 90 орталық дайындады. 

Бұдан бөлек, Сураттхани, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Краби, Транг, Сатун, Прачуапкхирикхан, Чумпхон, Ранонг, Пхангнга, Пхукет ауылдарында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. 

«Пабук» дауылы туралы мәлімет алу үшін «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Самуи аралында демалып жатқан Новосибирск қаласының тұрғыны Татьяна Кулмановаға хабарласқан болатын. Оның айтуынша, төтенше жағдайға қарамастан, аймақ әкімшілігі ешқандай шара қабылдамаған екен.

«Азық-түлік пен су сатып алып қойдық. Жаңбырдан қорғайтын киімдеріміз де жанымызда. Дүкендердің жұмыс кестесі ауыспалы, азық-түлік азайған. Арал әкімшілігі ешқандай ескерту жасаған жоқ. Теңізге баруға да тыйым салынбады. Төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлерін көрмедік. Алайда дауыл дауысы бірнеше рет естілді. Қонақ үйдің шатырына шығатын жолды қарастырып қойдық. Барлығы жақсы аяқталады деп сенеміз», деді Т.Кулманова «Егемен Қазақстан» газеті тілшісіне берген сұхбатында.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі көрсеткен мәліметке сай Таиландта 80 қазақстандық демалып жатыр. Әйтсе де, ведомство өкілдері демалысқа өз бетімен, тіркеусіз келгендер болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Елшілік өкілдері Самуи, Пхукет, Паттайя аралдарының қонақ үйлерімен байланыс орнатқан. Таиландта демалып жатқандар қатарында журналист Айгүл Мүкей, әнші Ерке Есмахан және блогер Айя бар. Өкінішке қарай, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Таиландтағы отандастарымызға хабарласа алған жоқ. 

 

Дауыл – теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел, тропикалық циклон. Әдетте Атлант, Тынық мұхиты мен Кариб теңізінің аумағында болады. Жойқын дауылдар мұхит суының температурасы 26 градус Цельсийден асқанда пайда болады. Жылы және салқын ауамен әрекеттескен теңіз суы тізбекті реакция әсерінен өз деңгейінен көтеріледі. Ауа ағыны сағат тіліне қарсы айналып, жел жылдамдығы сағатына 130 километрге дейін жетеді.

Бір қызығы, жылдамдығы сағатына 62 километрден асқан дауылдарға ғана ат беріледі екен. 178 километрден асқан дауылдар үшінші категориялық дауылдарға жатқызылады. Олардың күші ғимараттарды құлатуға жетеді. Бір аймақта бірнеше тропикалық циклондар кездескендіктен, оларды шатастырмау үшін нақты есім қойылады. Бұл ауа райы болжамын жасауға, дауыл жағдайы туралы ескертулер жасау үшін маңызды. Дауылдарға есім беру 1852 жылы бастау алған.

Светлана Ғалымжанқызы,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда достық көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 15:44

Шпал өндірісі іске қосылды

Экономика • Бүгін, 15:07

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар