ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болған Түркістан облысы құрылды.
«Түркістан -Шымкент» бағытындағы жүрдек пойыз аптасына екі рет - дүйсенбі және жұма күндері жүреді. Жолдағы уақыты - 2 сағат 15 минут. Пойыздағы жалпы орын саны - 175. Вагондар заманауи жылыту және салқындату жүйелерімен жабдықталған. Сондай-ақ арбадағы мүгедектерге арналған көтергіш құрылғылар мен арнайы орындар бар. Жолақысы 609 теңгені құрайды.
Сондай-ақ атап өтілгендей, биылдын бастап «Қаламаңы тасымалы» АҚ аптасына 5 рет қатынайтын әлеуметтік маңызы бар «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» бағыттарын іске қосты.
«Түркістан-Бадам» пойызының жолдағы уақыты 3 сағатты құрайды және компания бұл бағытты Шымкент қаласына дейін ұзартуды жоспарлауда.
«Түркістан-Сарыағаш» бағыты жаңа әкімшілік орталықты облыстың оңтүстік аудандарымен байланыстырады. Жолдағы уақыт - 5 сағат 20 минут.
Бұдан бөлек, «Алматы-Түркістан» пойызы қатынай бастады. «Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына барша қолайлы жағдай жасап, жаңа бағыттар санын жыл сайын ұлғайтуды көздейді», - делінген баспасөз хабарламасында.