Ведомство қала тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және үрейге бой алдырмауды сұрайды.
ТЖ бойынша департамент төтенше жағдайлар туындаған кезде немесе оның алдын алу мақсатында халық назарын аудару үшін дыбыстық электр дабылдары немесе басқа да дыбыстық құралдардың қойылатынын еске салады.
Бұл «Баршаның назарына!» деген дабылды ескертуді білдіреді. Осы дабылды естіген жағдайда орын алған жағдайға қатысты іс-әрекет бойынша нұсқаулықтар алу үшін қолда бар барлық ақпарат құралдарын (телеарналар, радио және басқаларды) қосу керек.