Әлем • 06 Қаңтар, 2019

Мексикада тоғыз рет жер сілкінді

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 қаңтар күні Мексиканың оңтүстігіндегі Оахака штатында төрт сағаттың ішінде кем дегенде тоғыз рет жер сілкінді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Мексикада тоғыз рет жер сілкінді

Мексиканың Ұлттық сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, 4,2 магнитудалық ең қуатты тербеліс Крусесита елді мекенінен 16 шақырым жерде, 5 шақырым тереңдікте болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

2017 жылдың қыркүйегінде Мексикада екі қуатты жер сілкінісі болды. 7 қыркүйекте елдің Оахака, Чьяпас және Табаско штаттарында 8,2 магнитудалық жер сілкінісінің cалдарынан 102 адам қаза тапқан. Ал 19 қыркүйекте болған жер сілкінісі кезінде 369 адам құрбан болды, соның ішінлде 228 адам Мехикода қаза тапты.

Сонда жерасты дүмпулердің салдарынан орталық штаттарда 180-нен астам үй мен пәтер қираған, 2 млн жуық адамға материалдық шығын келді.