Аймақтар • 06 Қаңтар, 2019

Билік өкілдері Қарағандыдағы жанжал кезінде қаза тапқан жігіттің жақындарымен кездесті

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 6 қаңтар 2019 жылы сағат 10.00-де Қарағандыда билік өкілдері «Древний Рим» мейрамханасында болған жанжал кезінде көз жұмған жігіттің жақындарымен кездесті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Билік өкілдері Қарағандыдағы жанжал кезінде қаза тапқан жігіттің жақындарымен кездесті

Кездесу барысында тергеудің жүргізілу барысы жөнінде түсініктемелер берілді. Бұл уақытта Полиция департаментінің алдында ақпараттың хабарлануын күткен 200-230 адам жиналды. Жиналғандардың алдында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сөз сөйлеп, тергеудің барысы жайлы және алдағы уақытта іске асырылатын шаралар туралы толық ақпарат берді.

Әкім тергеу шараларының ҚР Бас прокурорының жеке бақылауына алынғандығын және барлық кінәлі тұлғалардың жазаланатынын қадап айтты. Билік аталған процестің обьективті және барынша ашық өтетініне уәде берді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіру және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда 8 қатысушы анықталды, оның 7-еуі тұтқынға алынды, 1-еуіне халықаралық іздеу жарияланды. Жанжал екі компания арасында болғанын және ұлтаралық сипат алмағанын хабарлаймыз.

«Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жалған ақпарат тарату - бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, 7 жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеміз. Кездесу барысында ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта қалада және облыста жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілген жоқ»,-делінген хабарламада.