«Жоба 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтейтін болса ғана шағын және орта бизнестегі айыппұлы мен өсімпұлын жоюды қарайды. Сонымен қатар2018 жылдың –қазанындағы қарызын өтегенге дейінгі салынған өсімпұл алынып тасталады» - дейді облыстағы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жібек Сейітова. Сарапшы кәсіпкерлерді мемлекеттің осы жеңілдігін пайдалануға шақырды.
Жібек Сейітованың айтуынша, ірі салық төлеушілер, жер қойнауының байлығын пайдаланушылар (су мен емдік балшықтан басқасын), сондай-ақ акцизді өнім өндірушілер амнистияға жатпайды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай