Әлем • 07 Қаңтар, 2019

Малайзия королі Мухаммад V тақтан бас тартты

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Малайзия Жоғары билеушісі (королі) Мухаммад V тақтан бас тартты. Бұл туралы жексенбі күні корольдік сарай таратқан хабарда айтылған, деп жазады ТАСС ақпараттық агенттігі.

Малайзия королі Мухаммад V тақтан бас тартты

«Король барлық талаптарды сақтай отырып тақтан бас тартқаны туралы ресми хат жолдады», - делінген хабарламада. Жоғары билеуші, сондай-ақ, өзін сайлаған Билеушілер кеңесіне (мұрагер сұлтандар) алғыс айтқан.

Оның не себепті тақтан бас тартқаны туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, ол 2016 жылы сәуірде Билеушілер кеңесінің (мұрагер сұлтандар) 9 мүшесі құпия түрде дауыс беруі арқылы 5 жылға сайланған.

Мухаммад V 1969 жылы өмірге келген. Келантан штатының сұлтаны, Ұлыбританияда дипломатиялық білім алған.