07 Қаңтар, 2019

Қазақстанның сыртқы қарызы азайды

559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің сыртқы қарызы 8,6% азайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақстанның сыртқы қарызы азайды

Қазақстанның сыртқы қарызы өткен жылдың қазан айындағы есебі бойынша, 8,6% азайып, 161,5 млрд долларға дейін төмендеген.

Сыртқы борыштың 63,7% бұрынғысынша фирмааралық берешек құраса, 25,7% байланысты емес кредиторлар алдындағы қарыз, 7,1% мемлекеттік сыртқы борыш, ал, 3,5%-і «Банк» секторының сыртқы міндеттемелері болып отыр.

Өткен жылдың 3 тоқсанында экономиканың барлық секторлары есебінен елдің сыртқы берешегі 3 млрд АҚШ долларына қысқарды. Ал мемлекеттік сыртқы борыш негізінде Ұлттық банктің қысқамерзімді ноталарын өтеу және оларға шетел инвесторларының сұранысының азаюы есебінен шамамен 453 млн АҚШ долларына қысқарған.

Ал фирмааралық берешек мұнай-газ секторындағы ірі компаниялардың шетелдік ұйымдардың еншілес кәсіпорындарынан несиені өтеу нәтижесінде 823,7 млн АҚШ долларына төмендеді.