Гатиятов чемпионат барысында бес шайба соғып, үш нәтижелі соққымен көзге түскен. Әсіресе, Артурдың Дания қақпасына екі гол соғуы жанкүйер есінде қалған болатын.
Мергендер көшін 9 ұпай (4+5) жинаған ресейлік Григорий Денисенко бастап тұр. Екінші сатыда финляндиялық Алекси Хепониеми.
Еске сала кетейік, хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының жоғарғы дивизионындағы орнын сақтап қалды.