Әлем • 08 Қаңтар, 2019

Ким Чен Ын төртінші рет Қытайға сапармен барды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

КХДР басшысы Ким Чен Ын Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен Пхеньян мен Вашингтон көшбасшылары арасындағы екінші саммитті ұйымдастыру жөніндегі мәселелер аясында Қытайға ресми сапармен келді деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі.

Ким Чен Ын төртінші рет Қытайға сапармен барды

© KCNA via Reuters

Сапар 10 қаңтарға дейін жалғасады.

Ким Чен Ынның Қытайға сапары осыған дейін құпия болды. Тек 7 қаңтар күні кешкісін ғана БАҚ Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды адамы бар пойыз Даньдун шекаралық қаласы арқылы өткенін хабарлады. Хабарламада айтылғандай, бұған дейін КХДР қауіпсіздік қызметінің ондаған көлігі шекаралық қала вокзалына апаратын жолдарды жауып тастаған.

Бұл сапар Вашингтонның скептизмі салдарынан Пхеньянның ядролық қарудан бас тартуына байланысты тығырыққа түскен АҚШ пен КХДР арасындағы келіссөздерге ықпал етуі тиіс деп хабарлайды RT.

Бұл - Ким Чен Ынның Қытайға жасаған төртінші сапары. Алғаш рет оның  халықаралық сапары 2018 жылдың наурыз айында болса, соңғы рет 19 маусымда барған.