Аймақтар • 08 Қаңтар, 2019

СҚО: ауылдардың 62%-ы таза ауыз суға қол жеткізеді

124 реткөрсетілді

Өңірде 250 мыңнан астам адам тұратын 396 елді мекен таза сумен қамтылған.

«Бұл мақсат үшін республикалық қазынадан 5,3 миллиард теңге жұмсалды. Атқарылған шараларға қарамастан 286 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне зәру. Осы тапшылықты жою үшін  биыл 9,4 миллиард теңге бөлініп отыр» дейді  Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Азамат Елеусізов.

Былтыр  10 ауданға сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз ету нысандары тартылса, айыртаулықтар үшін де нәтижелі болды.  Атап айтқанда, аудан орталығы Саумалкөлдің тең жартысына орталықтандырылған су жүйесі тартылды. Жыл соңына дейін ауылдағы үйлердің барлығына таза ауыз су кіргізілмек.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Маратбек Шәменовтың айтуынша, Егіндіағаш, Қаратал ауылдарының тұрғындары да сапалы ауыз суға қол жеткізетін болады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Бүгін, 12:43

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • Бүгін, 11:58

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • Бүгін, 10:29

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • Бүгін, 10:24

Байқаушылар іске кірісті

Сайлау • Бүгін, 09:46

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Бүгін, 09:41

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Бүгін, 09:32

Сайлау негізі – дауыс беру

Сайлау • Бүгін, 09:22

Телегей-теңіз телехикая

Кино • Бүгін, 09:02

Толғақты ой мен толымды тағылым

Руханият • Бүгін, 08:49

Ұқсас жаңалықтар