Технология • 08 Қаңтар, 2019

Amazon әлемдегі ең қымбат компаниялардың рейтингісіне енді

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Миллиардер Джефф Безос басқаратын Амазон компаниясы әлемдегі ең қымбат компаниялардың рейтингісіне енді деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Amazon әлемдегі ең қымбат компаниялардың рейтингісіне енді

© AFP 2018 / Damien Meyer

Компанияның нарықтық капиталдандыру көлемі 796 миллиард доллардан асты.

Екінші орында Microsoft - 789 миллиард доллар, ал Google  компаниясының құрамына кіретін Alphabet холдингі 745 млрд доллармен үшінші орынға жайғасты.

Бұдан кейін тізімді Apple 702 млрд доллармен жалғастырды. 2018 жылдың қазан айында компания 1,1 триллион долларға бағаланған. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш триллион долларға жетті.

Amazon - әлемдегі ең ірі интернет-компания және халық тұтынатын тауарларды сатуға бағытталған бірінші веб-қызметтердің бірі. Алпауыт компания 1994 жылы құрылған. Араға бір жыл салып жеке сай­ты ашылды. Айта кетейік, Amazon атауы дү­ние жүзіндегі ең суы мол өзен Амазонканың құрметіне қойыл­ған.