Жалпы еліміз бойынша жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңге болған. Батыс Қазақстан облысының үлесі ортақ қордың 3,16%-ын құрайды.
Медициналық сақтандыру қорына түскен қаржының 93,5%-ы, яғни 124,3 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (6,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
«Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген» делінген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы таратқан баспасөз парағында.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан