«Серпін» бағдарламасы бойынша 600-700-ге жуық жасты оқуға тарту жоспарланып отыр және барлық мектепте кәсіптік бағдарлау кабинеттерін ашу көзделген.
Жастар басқармасы басшысының айтуынша, өткен жылы 9119 жас жұмысқа орналасқан. Жарты жылда бір рет облыстық қоғамдық тыңдау өткізілмек. Еңбек нарығына қажет мамандықтар картасын әзірлеп, оқу орындарына таратылады,. «Жасыл ел» бағдарламасымен жаз айларында жұмыспен қамтылатын жастар саны 1500-ге жетпек.
Қазір «7-20-25» бағдарламасымен 241 отбасы баспаналы болса, соның 200-і жас отбасы екен. Сонымен қатар 3000 орындық жатақхананың құрылысы басталады. Ал «Дипломмен алуға» бағдарламасы бойынша 200-ден астам жасқа үй алуға несие беріледі. Сонымен қатар жастарды қолдау бағытында маусым айында «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» мақалалары аясында «Өз тарихыңды танып біл» атты жастардың республикалық экспедициясы жоспарлануда. Ауқымды экспедиция Маңғыстаудан бастау алады, одан әрі Атырау (Сарайшық, Исатай, Махамбет кесенелері), Орал (Бөкей орда), Ақтөбе (Қобыланды батыр кесенесі), Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Есік қорғаны, Астана қалаларын араламақ.
«Туған жер upgrade» Шерқала немесе Айрақты тауы етегінде көшпелі жастар кездесу-тренингі өтіп, республика бойынша «100 жаңа есімге» енген, жетістікке жеткен тұлғалар шақырылады. Жас блогерлердің медиа-туры қыркүйек айына жоспарланған, шараға әлеуметтік желіде танымал жастар, вайнерлер қатыстырылмақ.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы