Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019

Астанада цифрландыру аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр

68 реткөрсетілді

Бақыт Сұлтанов қала активімен кездесу барысында қаланың өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған жобалардың жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осындай сәтті жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде әкім Big Data, Smart білім, Smart Медицина, Open Data, ITS, Е-ПИК-ті атап өтті.

Сонымен қатар, Астана әкімі цифрландыру қалалықтардың өзекті мәселелеріне қалай әсер етіп жатқанын тілге тиек етті.

«Әкімдіктің бірыңғай байланыс орталығы базасында біз келіп түскен барлық шағымдар мен өтініштерге жүйелі талдау жүргіземіз. Олардың саны өткен жылдың өзінде 1 млн-нан асқан болатын», – деп хабарлады Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, қала басшысының айтуынша, «Сергек» фото және бейнебақылау жүйесін енгізу жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға, жол-көлік апатының салдарынан жараланғандардың санын 16%-ға, ал өлім-жітімді екі есеге (48%) төмендетуге мүмкіндік берді.

Әкім атап өткендей, «Сергек» елдегі ІТ және қауіпсіздік саласында жүзеге асырылып жатқан МЖС-ның алғашқы жобасы болып табылады. Мемлекет басшысы цифрландыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Биыл әкімдік Астанада «ақылды қала» жобасын қалыптастыру жұмыстарын толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар