5 қаңтар күні Ақтау әуежайынан әскерилер мен құтқарушылар ұшты. Ұшақ бортында алғашқы көмек көрсетуге қажет заттар мен тамақ болған. Эвакуациялау аймағына қазақстандық күш 5 қаңтар күні сағат 15:45-те жетті. Бейнероликтен байқағандай, балалардың тыныштығы үшін ұшақта барлық жағдай жасалған. Кей ер азаматтарды ұшаққа көзін байлап отырғызған.
Операция нәтижесінде отанына 47 адам оралды. Оның ішінде 11-і әйел мен 30-ы бала (балалардың көпшілігі 1-5 жас аралығында).