«Кездесу барысында тараптар қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзету саласындағы қазақстан-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және болашағы туралы пікір алмасты», - делінген хабарламада.
Тараптар мүдделі бағыттар бойынша екіжақты іс-қимылдарды нығайтуға әзір екендіктерін мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог түрінде өтті.