Ведомстводан атап өткендей, бұған дейінгі визалық алымдардан босату режімі 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін жарамды болған. Сондай-ақ 2018 жылдың 15 қарашасында 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін бірқатар елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін Таиландқа келу кезінде визалық алымдар алынып тасталған еді.
Айта кетейік, бұған дейін «Bangkok Post» басылымы Таиланд үкіметі туристерді қызықтыру арқылы олардың санын кем дегенде 30 пайызға көбейтуді көздейтінін жазған болатын.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Таиландқа 28 миллион шетелдік турист барған.