Енді қала тұрғындары жаңажылдық мереке күндері үйлерін безендірген шыршаларды хайуанаттар бағына тапсыра алады. Ол жерде қылқан жапырақтылар пайдаға жаратылады: бұталармен жануарлардың қоршаулары жылытылады.
– Әдетте шыршаларды далаға лақтырып жібереді, контейнерлер алаңқайлары қоқысқа толып кетеді. Алайда, бұл керексіз болып қалған шыршаларды хайуанаттар бағына қайта өңдеуге тапсырып, қаламыздың экологиясын қорғап қалуға болады емес пе? Ол үшін шыршаларды қабылдау бекетіне алып келіп тапсыру қажет. Біз шыршаларды әшекейлер және жылтырақтарсыз қабылдаймыз. Аязды күндері бұл бұталармен жыртқыш аңдардың үйшіктерін жылытамыз, – дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды